Алматы орталығынан шыққан өрт жұрттың үрейін ұшырды (видео)
Алматы орталығында шыққан өрттің қою түтіні тұрғындарды үрейін ұшырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
17 қыркүйекте түстен кейін Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы маңында қою түтін шығып жатқаны байқалды. Полиция алаңды қоршап, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысын шектеген.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 15.09-да Медеу ауданына шұғыл шақырту түскен.
"Сағат 15.12-де Назарбаев 124 мекенжайына жеткен өрт сөндірушілер төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын анықтады", - деді департамент баспасөз қызметіндегілер.
Өрт 17:40-та сөндірілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”