Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны жұмыс орнында бір қолынан айырылса да әділдікке жете алмай отыр

Жұмыс орнында бір қолынан айырылған Алматы облысының тұрғыны Біржан Ардабайдың әділдікке жететін күні алыс сияқты. Себебі, 20 жастағы жігіттің қолында Талдықорғандағы «Алматинские краски» кәсіпорнында жұмыс істейтінін растайтын анықтама болса да, серіктестік басшысы Біржан Ардабай бізде істемейді дейді.

Сонда да азаматтың қолындағы анықтаманы «Алматинские краски» серіктесінің басшысы өздері бергенін мойындап отыр, деп хабарлайды 31 арна.

"Біздің аумақта АБС контракт ЖШС-ға жалға береміз. Сол үшін олар бізге хат жолдаған. Санитарлық бекеттер арқылы қызметкерлерге беру үшін анықтама сұрады. Осы хат негізінде анықтама бердік. Біржан Ардабаев "Алматинские карски" ЖШС-де істемейді", - деді "Алматинские карски" ЖШС директоры Ләйлә Мейірбекова. 

Біржанның қолында жалғыз анықтамадан басқа бірде бір құжат жоқ. Ең қызығы, азамат жұмыс істейді деген компания мен еңбек етпейді деген компанияның жалпы нұсқаулығын түсіндіретін маманы бір адам екен.

Олар Біржанға барлық қауіпсіздік түсіндірілді. Оны растайтын арнайы журналда қолы бар деп көрсетті. Материалдық көмекті де көрсеттік деп отыр. 

Ал, Біржан 150 мың теңге қолы кесілген кезде еміне берілгенін айтты.

"Материалды сұраған ақшасын беріп жатыр. Қазірдің өзіне 400 мыңдай берілді", - деді "АБС контракт" ЖШС өкілі Делімбет Ахметов. 

Істің ақ-қарасын сот шешеді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Тамыз, 2020 07:25
Талқылау