Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны рас па? Әкімдік жауап берді (видео)

Желіде Алматы облысының тұрғыны үйінің ауласынан ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны туралы видео тарады. Өз кезегінде облыстық әкімдіктегілер видеоға қатысты пікір білдіріп, қаншалықты рас екеніне айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының тұрғыны ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны рас па? Әкімдік жауап берді

WhatsApp мессенджерінде Алматы облысы тұрғынының үйінің ауласынан қазына тауып алғаны туралы видео тарады. Онда оқиғаның Қалжат аулында орын алғаны айтылған. Сондай-ақ, хабарламадағы мәліметке сәйкес, табылған құмыраның ішінде 47 келі алтын тиын болыпты. 

Stan.kz ақпарат агенттігі аталған видеожазбаға қатысты Алматы облыстық әкімдігіне сауал жолдады. Өз кезегінде әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел облыс тұрғынының құмыра тауып алғанын растады. 

«Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат аулының тұрығын үйінің ауласынан құмыра тауып алған. Ол құмыраны құрылыс жұмыстары кезінде тауыпты. Құмыра табылған туралы ақпарат түскеннен кейін, облыстық әкімдіктің мәдениет басқармасы өкілдері құмыраны актіге енгізіп, зерттеу үшін оқиға орнына барды. Зерттеу нәтижелері белгілі болғаннан кейін, аталған құмыраның тарихтың қай кезеңіне жататынын айта аламыз», - дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Ғалымұрат Жүкел құмыраның бос болғанын айтып, ішінен 47 келі алтын табылғаны туралы мәліметтің жалған екенін жеткізді.

Шыңғыс ханның "қабірін" қазып жатқан емшілер жуырда миссиялары аяқталатыны туралы аян алды >>>

«Құмыраның ішінде 47 келі алтын тиын болғаны туралы ақпарат – жалған. Оның бұл табылған құмыраға қатысы жоқ», - дейді Жүкел.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 23 Қазан, 2019 12:10
Талқылау