Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тұрғындар наразылық білдіріп, жолды жауып тастады (видео)

Алматы облысының ауыл тұрғындары Алматы-Өскемен бағытындағы жолды жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 шілдеде таңертең 14 адам Талдықорған маңындағы Бақтыбай ауылынан өтетін республикалық жолды жауып тастады. Ауыл тұрғындарының наразылығына тасжолға жақын орналасқан аумақтың сапасыз жөнделуі себеп болды. Біраз уақыттан кейін оқиға орнына полиция келді.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген акцияға қатысушылармен заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді және адамдарды жолдан шығарып, жол жүру жұмысын қалпына келтірді", - деп полиция түсініктеме берді.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті. Олардың өтініштерін тыңдап, елді-мекендердің проблемалық мәселелерімен жұмыс істеуді жалғастыруда.

Кейін көліктердің қозғалысы қайта жанданды. Рұқсат етілмеген әрекеттің бастамашылары және оның ең белсенді қатысушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы хабарланды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Шілде, 2019 10:17
Талқылау