Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы төрт тәулікте қар көшкіні жүру қаупі сақталады

Алматы облысының таулы аймақтарында алдағы төрт тәулікте қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“18 желтоқсан мен 21 желтоқсан аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртібін сақтауға шақырады”, –делінген хабарламада.



Алматы облысының аумағында қар көшкіні қаупі бар 55 аумақ бар, олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай өңірлерінде Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан.

"Негізінен қар көшкіні ауа температурасының жоғарылауынан және жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның көп түсуінен болады", - деп түсіндірді ТЖД.

Талқылау