Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысында бірнеше түлға қызметінен босап, полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Талғарда 16 жасар Шерзат Болатты өлтіру бойынша резонанстық іс аясында Алматы облысының бірнеше жоғары лауазымды полицейлері отставкаға кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

Президенттің әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды.

Полиция полковнигі Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Қазақстан ІІМ басшысының бұйрығымен атқаратын лауазымдарынан босатылды:

  • Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;
  • Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
  • Алматы облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
  • Алматы облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
  • Алматы облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат қайыр;
  • Алматы облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті. Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.

Талқылау