Алматы облысының әкімі желіде талқыланған "Хутор" бандасының жоқ екенін мәлімдеді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін жиі айтылған “Хутор” бандасының жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Марат Сұлтанғазиев өзі де бұл аймақтың тумасы болғандықтан, мәселелерге бейжай қарай алмайтынын айтты.
“Бұл жағдай барша елдің назарын Талғар ауданына бұрды. Мұнда 250 мың адам тұрады. Талғар ауданы – облыста ғана емес, Қазақстан бойынша экономикалық тұрғыдан тез дамып келе жатқан аудан. Өнеркәсіп 11%, инвестиция 44% өсті. Бюджет, салықты жинау үш есе өскен. Аймақ қарқынды дамып келеді. Ал криминалды жағдай бойынша айтсам, құқық қорғау органдары нақты жауап берді”, – дейді әкім.
Сенат депутаты Хасан Қасымбаевпен туыстығы барын мойындады
Марат Сұлтанғазиев ұйымдасқан қылмыстық топ деп танылу үшін нақты көрсеткіштер барын айтады.
“Топтың белгілі мақсаты болуы керек. Құқық қорғау органдары мұның ешбірі жоқ екенін мәлімдеді. Аймақтың әкімі, тумасы ретінде айтамын. Сондықтан “Хутор” деген ұйымдасқан топтың жоқ екенін мәлімдейді”, – деп қосты облыс басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірген. Оның айтуынша, тергеушілер Талғар ауданындағы "Хутор" қылмыстық тобының бар-жоғын анықтап жатқанын айтқан еді.