Алматы облысының әкімдігі 252 миллион теңгеге жол талғамайтын көліктер сатып алмақ
Алматы облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар арқылы бюджет қаржысына жол талғамайтын көліктер сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік сатып алулар сайтынан
Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметке сәйкес лотты "Алматы облысы әкімі аппаратының "Шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған.
Көлік алу үшін бюджеттен 252 560 000 теңге бөлінген, яғни әр көлік үшін 25 256 000 теңге жұмсалмақ.
Лотта көлікке қойылатын талаптар да жазылған. Мәселен, қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрге дейін, кузов түрі – бес орындық жол талғамайтын көлік. Ұзындығы 4886 сантимтрден, ал ені 1934 сантиметрден кем болмауы керек.
КазТАГ басылымының мәліметінше бұл айтылған өлшемдер жақында таныстырылған қытайлық Tank 500 көлігінің өлшемдерімен бірдей екен.
Аталған лотқа әлі бірде-бір өтініш түспеген. Ал талқылау мерзімі 25 қыркүйекте аяқталады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн