Алматы облысында екі жігіт банкоматтан 13 миллион теңге ұрлап кеткен (видео)
Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылында банкоматтан 13 миллион теңгеге жуық қаржы ұрлағандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше 14 тамызда 1988 жылы туған азамат арыз жазып, медициналық маска таққан екі ер адамның кілтті таңдау арқылы банкоматтан 12 миллион 882 мың теңге ұрлап кеткенін айтқан.
“Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркеліп,. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты. Азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ