Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы жануарларға арналған орталықта ондаған ит уланып өлді

Алматы облысында иттердің жаппай иттер жаппай уланды. Жетіген ауылындағы жануарларға арналған панада таңертең 10-нан астам иттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап. 

ит

Сонымен қатар, тағы 10 шақты ит өліммен арпалысып жатыр. Адамдар әлі де оларды аман алып қалуға тырысып жатыр. 

Уланудан 13 ит қырылды. Иттердің қандай удан өлгенін анықтау үшін пана иелері оларды Алматыға союға апарады.

Панада барлығы 150-ге жуық ит тұрған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. 

Айта кетейік, Қазақстанда жануарларға қатысты қатыгездік танытқандар ең көп дегенде 50 күнге дейін қамауға алынады. Жануарларды қорғаушылар мен белсенділер бірнеше рет аталған қылмыстар үшін жазаны қатайтуды талап етті.

 

Талқылау