Алматы облысындағы Үлкен ауылында АЭС құрылысына қатысты қоғамдық тыңдалым басталды
Алматы облысындағы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жоспары бойынша қоғамдық тыңдалым басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тыңдалым өтіп жатқан мектептің сыртында белсенділер жиналып, АЭС құрылысына қарсы екендерін жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық тыңдаоымға қатысу үшін Алматыдан Санжар Боқаев, Мэлс Елеусізов келген.
Бұдан бөлек энергетика министрлігінің өкілдері, Ұлттық ядролық орталық және ҚАЭС мамандары, Алматы облысының атқарушы органдарының өкілдері мен депутаттар қатысып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрлігі елдегі алғашқы АЭС-тің Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында салынатынын хабарлаған еді. Стратегиялық нысанды салу үшін қазіргі уақытта 4 үміткер бар. Дегенмен нақты қай компания салатыны әлі таңдалмаған. Үміткерлер тізімі:
- HPR-1000 қытайлық CNNC компаниясы;
- APR-1400 реакторы бар корей KHNP компаниясы;
- ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей Росатом компаниясы;
- EPR-1200 реакторы бар француз EDF компаниясы".
Талқылау