Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы түрмелердің бірінде сотталушы көз жұмды

Алматы облысындағы колониялардың бірінде адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспаcөз қызметіне сілтеме жасап. 

9 сәуірде Алматы облысының екінші дәрежелі қауіпсіздік мекемесінде тәртіптік изолятор камерасында сотталушылардың бірі жанжал кезінде екіншісіне дене жарақатын тигізген. Жанжалдың нәтижесі өліммен аяқталғаны хабарланды.

"Мекеме қызметкерлері жарақат алғандарға жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем тобы шақырылды. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен ДУИС басшылығы келді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Бұл іс бойынша бұрын сотталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" және 192-бабы 2-бөлігі "Тонау" дерегі бойынша сотталғандығы атап өтілген.

"Олар ережеге бағынбайтын сотталушылардың қатарында еді. Бұл факт тіркеліп, қызметтік тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада. 

Дана Русланқызы
Жұма, 09 Сәуір, 2021 09:38
Талқылау