Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы төрт су қоймасын жөндеу жұмыстарына 615 миллион теңге бөлінді

Осы жылы Алматы облысындағы су қоймаларының жөндеу жұмыстарына 615 миллион теңгедей ақша бөлінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Соның ішінде: 

  • Іле ауданының "К-1" су қоймасына - 112,1 миллион теңге. 
  • Еңбекшіқазақ ауданының "Октябрь-2" су қоймасына - 134,5 миллион теңге. 
  • Ұйғыр ауданының дренаждық арналарын тазартуға - 123,8 миллион теңге. 
  • Жамбыл ауданының 4 су қоймасын (Унгиртас-1, Унгиртас-2, Ақсеңгір, Сасықбай) механикалық тазартуға - 244,8 млн.теңге.

Сондай-ақ су шаруашылығының коммуналдық кәсіпорындары үшін арнайы техника сатып алуға 373 миллион теңге (фронтальды тиегіштер, самосвалдар, манипулятор, бульдозер) бөлінген. 

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша,  жер үсті су ресурстарын жинақтау үшін Ұйғыр (Ават, Сюмбин, Шошанай және Қырғызсай а/о), Райымбек (Шалкөде, Көмірші) және Жамбыл (Ұзынағаш а/о) аудандарында жаңа тоғандар салу жоспарлануда. Осы тоғандар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін 2023 жылға облыстық бюджеттен 205,8 млн. теңге бөлінді. 

Балқаш ауданының 14,0 мың га жерін суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Қапшағай су қоймасынан шағын су жіберу кезінде өзендегі немесе 61,4 млн.тг сомасына беріктігі жоғары полимерлі (габионды, маталы) материалдардан жасалған су тіреу құрылысын (бөгет) салу ЖСҚ түзету басталды.

Коммуналдық су шаруашылығы 6 кәсіпорынның (Талғарирригация МКК, Ілеирригация МКК, Үшқоңырригация МКК, Көлсайирригация МКК, Балқаширригация МКК, "Сорбұлақ" ПЭНС) жұмысын басқару және үйлестіру мақсатында, суару желілерін қалыпты техникалық жағдайда ұстау, суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, су объектілеріндегі авариялық жағдайларға жедел ден қою және осы салаға білікті мамандарды тарту мақсатында  су шаруашылығы саласында бірыңғай облыстық кәсіпорын құру туралы шешім қабылданды. 

Облыс әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 395 қаулысы негізінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда "Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматыоблсушар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" құрылды. Осы кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстық бюджеттен 897,2 миллион теңге бөлінді (арнайы техника сатып алу, жанар-жағар май, техниканы жөндеу, жалақы, объектілерді ағымдағы жөндеу, салықтар және т.б.). Сонымен қатар, "ММО Балқаш" кәсіпорнының арнайы техникалары "Алматыоблсушар" МКК теңгеріміне өзкізілді.

Су шаруашылығының 6 кәсіпорындары өндірістік учаскелер болып қайта қайта құрылады және қосымша Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Жамбыл аудандарында және Қонаев қаласының Шеңгелді алқабында жаңа өндірістік учаскелер құру жоспарлануда. Ағымдағы жылы "Алматыоблсушар" МКК күшімен Еңбекшіқазақ, Балқаш, Жамбыл, Талғар аудандарында суару жүйелері мен су қоймаларды механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Еңбекшіқазақ ауданында суару жүйелерін жөндеу жұмыстары басталды.

Талқылау