Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшіншісі жер қойнына тапсырылады: Алматы облысында өрттен зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Алматы облысы Панфилов ауданында болған дала өрті кезінде 7 адам зардап шегіп, 3 адам мерт болған еді. Алматы облысының әкімдігі зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

орман

«Кеше Панфилов аудандық орталық ауруханаға 7 адам жеткізілген. Оның 5-еуі амбулаториялық ем алу үшін үйіне қайтарылды, екеуі ауруханада. Біреуі – жансақтау бөлімінде, екіншісі – хирургиялық бөлімде. Олардың жағдайы бірқалыпты», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сонымен қатар қаза болған үш азаматты жерлеуге көмек көрсетіледі. Марқұмның біреуінің отбасына мемлекеттік қордан тұрғын үй берілетін болған. 

«Мерт болғандардың екеуі бүгін жерленді. Ертең үшіншісі жер қойнына тапсырылады. Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша олардың отбасыларына барлық қажетті көмектер көрсетілетін болады. Қаза боғандар мемлекеттік наградаға ұсынылады. Сондай-ақ қаза болғандардың бірі 1984 жылы туған азаматтың отбасына мемлекеттік қордан тұрғын үй беріледі», - деді баспасөз қызметі. 

Алматы облысының әкімдігі өртті ауыздықтау кезінде қайғылы қазаға ұшырағандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. 

Айта кетсек, кеше Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы аймақта дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қайтыс болған еді.

Талқылау