AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы кафеде болған төбелес видеоға түсіп қалды

Талдықорған полицейлері қаладағы дәмханалардың бірінде жаппай төбелес шығарғандардың бірін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ішімдік ішетін орындардың бірінде жастар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті. Кадрдан екі топқа бөлінген жас жігіттер алдымен жұдырықтасып, сосын темір таяқтар қолдана бастағаны көрінеді.

Алматы облысының полициясы жаппай төбелес 27 мамырда болғанын хабарлады. Арандатушылардың бірі ұсталып, қалалық басқармаға жеткізілді.

"Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Қазір төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды. Олардың бірі, 22 жастағы жергілікті тұрғын қалалық полицияға жеткізілді",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер оқиға орнынан бақылау камерасындағы бейнежазба мен темір домкрат тәркіленгенін, олар заттай айғақ ретінде іс материалдарына тіркелгенін айтты. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында екенін мәлімдеді.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр