Алматы облысындағы дәмханалардың бірінде 18 адам уланып қалды
Тәртіп сақшылары Алматы облысындағы дәмханадағы жаппай улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендердің денсаулығына шағымдары Бесағаш ауылындағы дәмханалардың бірінде тамақ ішкеннен кейін түскені хабарланды.
"Ауруханаға 18 азамат, оның ішінде балалар да бар, медициналық көмекке жүгінген. Қажетті өнімдер тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 304-бабы "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”