Алматы облысында жүргізуші жылқыны көлікпен әдейі басқан: Күдікті жауапкершілікке тартылмайтын болды
Алматы облысында жылқыны көлікпен әдейі басқан жүргізушіге қатысты оқиға тараптардың татуласуымен аяқталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствода Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны зардап шеккен жылқының иесіне келтірілген шығынды толығымен өтегенін хабарлады. Күдіктіге қатысты іс тоқтатылады.
"Тараптардың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылады. Ол мал иесіне келтірілген шығынды толығымен өтеп берді. Жылқыны басып кеткен көлік жүргізушісіне бұдан былай шағым жоқ", – деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- "Бала жай терезеден қараған": Құтқарылған бүлдіршіннің анасы Есдәулет Дәуітбековтің ерлік жасағанына сенбейтінін айтты
- Алматының қақ ортасында танысы қызды қан-жоса етіп ұрып кеткен
Еске салсақ, ер адамның жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана түрде басып жатқан видеосы желіге тараған болатын. Видео авторы жылқыны басқан адамды полиция алып кетіп, артынша бостандыққа жібере салғандығына шағымданады.
Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездiк жасау" дерегі бойынша іс қозғалған еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
