Алматы облысында бетон араластырғыш жолталғамайтын көлікті аударып тастаған, екі адам қайтыс болды
Алматы облысында бірден үш көлік: бетон араластырғыш, бензин тасушы және жол талғамайтын көлік апатқа түсті. Екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.
Қайғылы оқиға Алматы-Бішкек тас жолында орын алды. Бетонды алып келе жатқан жүк көлігі батыс бағытта қозғалып келе жатқан, Ал бензин тасушы мен Land Cruiser оған қарама-қарсы бағытта келе жатыпты. Алдын ала болжам бойынша, соңғы екеуі бір уақытта бұрылып, бетон араластырғышқа жол бермеген. Оның жүргізушісі соқтығысудан қорқып, жол жиегіне соғылып, содан кейін джипті қағып, бензовозды іліп кеткен.
Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етті. Апаттың басқа қатысушылары зардап шеккен жоқ. Қазір ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн