Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза болып, 4 адам зардап шекті

Алматы маңындағы Райымбек ауылында екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алматы облысы полиция департаментінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысында ер адам 9 жасар баланы көлікпен қағып, қашып кетті

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таратылды. Видео авторы жол апаты Қарасай ауданы Райымбек ауылында болғанын нақтылайды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаментінде түсініктеме берілді.

Департамент мәліметінше, "Тойота Карина" мен "Лада 2107" көліктері соқтығысқан. Жол апатынан 8 адам зардап шекті, олардың төртеуі қаза тапты.

"Алдын ала анықталғандай, Тойота Карина көлігінің жүргізушісі Сүйінбай көшесімен келе жатқан қарсы бағытқа шығып кетіп, Lada 2107 көлігімен соқтығысқан. 21 жастағы Lada 2107 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам – Лада 2107 көлігінің 61 жастағы жүргізушісі мен Тойота Карина көлігінің екі жолаушысы Қаскелең ауруханасына жеткізілген кезде қайтыс болды.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасының тағы төрт қатысушысы түрлі жарақат алды", – деп хабарлады Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамалар тағайындай отырып, факті бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде.

Талқылау