Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды

Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 2 шілдеде Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Тергеу аясында күдіктінің көлігі анықталып, тәркіленді. Күдікті Қазақстан ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 26 маусымда белгісіз біреулер Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбековтің автокөлігіне қарудан оқ атқаны туралы хабарланды.

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 04 Шілде, 2021 11:42
Талқылау