Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Фото: Картадан скрин
Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, Алматы облысында, Кеген ауылы мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қырғыз сейсмологтарының дерегінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 08:19-да болған.
“Магнитудасы – 3.7, ал қарқындылығы – 3.5 балл. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Қарқара ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырымда және Қарақол қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым жерде орналасқан. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілген жоқ", – делінген хабарламада.
Түркияда қуатты жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің "Сейсмологиялық бақылау және зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Кеген ауданында, Қарқара ауылынан 10 шақырым жерде, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым қашықтықта орналасқан. Десе де эпицентрдегі есептік қарқындылық сезілмеген.
Бұған дейін 30 сәуірде Алматыда дабыл жүйесі іске қосылған еді.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
