Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінісі болды
Жетісу және Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 17:13-те болған.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы — 2 балл”, – делінген хабарламада.
Қазақстан жер сілкінісі ең көп тіркелетін елдердің қатарына кірді
Картадан скрин
Министрлік зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспегенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"