AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысты

Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болды.

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында Алматы облысының Бұрындай – ЖЭО-2 учаскесінде болған.

"Көлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневрлік тепловозға жол бермей, өткелге шығып кеткен. Машинист жедел тежегішті басқан. Вагондардың рельстен шығып кетуіне жол берілмеді. Жеңіл автокөліктің жолаушысының қолы сынып, ауруханаға түсті, жүргізуші зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады компаниядан.

Қазіргі уақытта пойыз басқа локомотив арқылы жолдан шығарылды. Темір жол өткелі көлік қозғалысы үшін ашық.

"Кірме жолы ЖЭО-2-ге, тепловоз жеке меншікке тиесілі. Оқиғаның алдын ала себебі - көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзуы", – деп атап өтті компаниядан.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр