Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жеке клиниканың дәрігері науқасқа шабуыл жасаған (Видео)

Желіде Алматы облысында жеке стоматологиялық клиниканың дәрігерінің науқасқа шабуыл жасағаны туралы видео тарады. Жәбірленуші бұл істің қаралмай жатқанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видео кадрларынан скрин 

Еgov.press Telegram арнасының мәліметтері бойынша, көрсетілген қызметтердің сапасына наразы 50 жастағы науқас пресс клиникаға өз шағымын білдіруге келген. Алайда дәрігер оны итеріп жұлқылап қуған.

Әйелдің шағымынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп, тіс емдеу процесінде көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл іс бойынша Іле ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Алайда біраз уақыттан кейін тергеуші күтпеген жерден тергеуді тоқтатты. Бұл шешімді аудандық прокурорлар қолдаған. Жәбірленуші тергеу үстірт жүргізілді деп санайды.



Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға түсініктеме берді. 

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, объективті және толық анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс жүргізу шешімі өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданады", - делінген хабарламада.

Талқылау