Алматы облысында жарылыс: бір адам көз жұмып, тағы үшеуі жараланды
Алматы облысындағы зауыттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, 31 тамыз күні сағат 12.20 шамасында Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ бетон блоктарын шығаратын цехте жарылыс болған. Өндіріс процесі кезінде жабық қазан қысымға шыдамай жарылып, кейін зауыттың бір бөлігі қиратылған.
Жарылыс әсерінен түтін шығатын мұржа жекеменшік тұрғын үй секторының территориясына құлаған. Оқиға болған жерден 1961 жылы дүниеге келген ер адамның мәйіті табылды.
Сондай-ақ, тағы үш адам әртүрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бұдан өзге цех территориясындағы тұраққа қойылған Мерседес МЛ-300 және Тойота Авенсис көліктеріне зақым келген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”