Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа туған сәбиімен бірге 22 жастағы ана жоғалып кетті

Ақмарал Қалдыбаева осыдан үш ай бұрын бөбегін алып, үйден түнгі уақытта шығып кеткен. Ол туғандарына қайда бара жатқанын ескертпепті. Артынан лезде шыққан ағалары қыздан бас-аяғы 5 минуттың ішінде көз жазып қалған. Жас ананы таппай қиналған отбасы енді халықтан көмек сұрайды. Сергелдеңге түскен Ақмаралдың туыстары көрген-білгендердің іздеуге көмектесуін сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.  

жоғалған қыз

67 жасқа келген көпбалалы ана Күлән Серботаева 3 айдан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Себебі, қараша айынан бері туған қызындай болған тұңғыш немересін шарқ ұрып іздеп жүр. Әжейдің сөзінше, 22 жастағы Ақмарал Қалдыбаева өз қолында өскен. Мектеп бітірген соң жоғары оқу орнына түсе алмапты. Кейін Алматы облысына қарасты Көлді елді-мекеніндегі тауық фермасына жұмысқа кірген. Сонда Құлмұратов Кеңеспен танысып, араларында сезім пайда болыпты. Азаматтық некеден Рашит есімді сәби дүниеге келген.

«Бір жігітті тауып алды да, соған күйеуге тиді. Алып қашып кетті ол. Бір жылдай бірге тұрды. Шамалған станциясы жақта. Мал бақты. Қызымның аяғы ауыр болғаннан кейін екеуі қайтып келді осы жерге. Тұратын жерлері жоқ. Жігіт «ешкімім жоқ, жетіммін» деген соң, бірге тұруға рұқсат бердім», - дейді А. Қалдыбаеваның әжесі Күлән Серботаева.

Жас отбасы аяққа тұрып кетсін деген әжесі оларды үйге кіргізген. Тек күйеу баласының жұмысқа құлқы, іске мүлде икемі болмады деп отыр. Оның үстіне, жиі ішетін көрінеді. Соңғы уақытта жұмысқа тұрақтамай, табыс таппай жүрген. Сондықтан, қыз жоғалған түні Кеңеске ақылын айтып, біраз сөзбен сыбап алыпты. Әжей Ақмарал соған ренжіп, кетіп қалды ма деп уайымдайды.

«Осы жерде отырып мен күйеу балама: «Сен қалай ойланбай жүре бересің?! Балаң бар. Не жұмыс істемейсің. Істесең де болмашы ақша табасың да, оны ішіп қоясың. Қалай отбасы боласыңдар? Қалай сен бала бағасың?», - деп ұрыстым. Сол күні ол үйге түнде сағат 1-2-де келді. «Қайда жүрсің?» деп айғайлап ұрыстым.  Бір уақытта қарасам, қызым шығып бара жатыр. Енді тұрып «қайда бара жатсыңдар?» дейін десем, жүре алмаймын», - деді А. Қалдыбаеваның әжесі Күлән Серботаева.

Сол ескертпей кеткен күннен бері бақандай 3 ай өтті. Одан бері 3 айлық болған шөбересі Рашит қазір 6 айға толған. Артына қарамай кеткен Ақмарал мен күйеубаланың содан бері телефон нөмірлері сөндірулі. Әжесі сонда да үміт үзбей, жиі-жиі хабарласады. Қарашадан бері келеді деумен жүрген отбасы бүгін Қарасай аудандық полиция басқармасына барып, өтініш жазды.

«22 жастағы қыздың жоғалғаны туралы полицияға өтініш келіп түсті. Және Қарасай аудандық полициясында ресми тіркелді. Алдын-ала тергеу барысында қыздың жақындарымен ұрысқанның кесірінен үйден кеткені анықталып отыр. Қазіргі таңда іздеу жұмыстарымен аудандық полициядағы із кесушілер айналысуда. Және қыздың суреті және айрықша белгілері жазылған бағдар полицияның әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылды. Және барлық полиция учаскелеріне жіберілді», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Ақмаралды іздеуге қатысты шараларға Алматы облыстық полиция департаментінен бөлек, еріктілер тобы да жұмылдырылмақ. Енді қайғырған туыстары халықтан көмек сұрап, жас ананы көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 (707) 658 22 31
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Оларды сабырға шақырамын": Масанчиде қаза болған қазақ тілінің мұғалімінің жақындары болған жайтты айтып берді

Анасының айтуынша, Масачниге оның екі ұлы аттанған

Өскеменде мас жүргізуші полицейдің жағасынан алды

Ер азамат тергеу изоляторына қамалған

Қыздар мектебіндегі жанжал: Үндістанда 68 студентті етеккір белгісіне тексерген

Үндістанда қыз балалардың іш киімін тексерген колледж әкімшілігі елдің наразылығын тудырды

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында алтын иеленді

Екінші орын Корея спортшысына бұйырған

Ақмола облысында жүрдек пойыз қараусыз қалған 11 жылқыны қағып өткен (видео)

Оқиға түнде болғандықтан, пойыз машинисі жайлып жүрген малды көрмеген

Қытайдағы Ухань госпиталінің басшысы коронавирустен көз жұмды

Аурухананың жетекшісі Лю Чжимин таңғы 10:30-да көз жұмған

Қордай ауданында полицейлерге шабуыл жасаған күдіктілер қамауға алынды

Полицияға қарсы зорлық-зомбылық көрсеткен күдіктілер ұсталды

Пример для нытиков: Казахстанцы поддержали мать семерых детей, работающую водителем такси

Казахстанцы хвалят женщину за трудолюбие и умение противостоять трудностям

Диана Шарапова мен Роман Миронов «Голос Украины» жобасына өздері дайындаған Ерлан Байбазаровты сотқа бермекші

Айтуларынша, «Голос Украины» жобасына өздері дайындап қатыстырған Ерлан Байбазаровтан қазір қарыздарын ала-алмай жүр

Қуандық Рахым үйленбекші: Әнші той туралы не айтты

Жуырда ғана "Үйленемін" деп ән салған Қуандықтың да бойдақтықпен қоштасатын күні алыс емес.
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр