Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Ұйғыр ауданының атауы өзгермейтін болды

Алматы облысында Ұйғыр ауданының атауы қазақшалансын деген халықтың талабы әзір орындалмайды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте осылай мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыдан 4 ай бұрын Ұйғыр ауданында 20-25 жастағы жастардың арасында төбелес болып, халық бір көтерілген болатын. Сол кезде облыс әкімі Амандық Баталов дереу ұйғыр ауданына барып, елді мекеннің халқымен тілдесіп, олардың талабын тыңдаған еді.

Жұрт сол кезде ауданның атын өзгертуді сұраған. Әкім бұл мәселені жоғары жаққа жеткізетінін айтып, тұрғындарға уәде берген. 

Енді Баталов бұл мәселенің күн тәртібінде жоқ екенін айтып, себебін түсіндірді.

"Қазір науқан кезі басталайын деп жатыр. Оның алдында біз сайлаушылардың тізімін нақтыладық. Сайлау учаскелерін дайындадық. Сол үшін, анау көшелерді атын өзгерту деген мәселе де көтерілді, қазіргі кезде сондай жұмыстар істеуге болмайды. Сайлаушылардың тұратын жерінің атын өзгертуге болмайды. Соның бәрі өткен соң, бұл мәселеге қайта келеміз. Сосын нақты шешімін сіздерге жеткіземіз", - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр