Алматы облысында Ворошилов су қоймасы бөгетінің бір бөлігін су шайып кетті
Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгетінің бір бөлігінің шеті жырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойымен өтуде.
“Тоғандарға құйылатын барлық шлюздер ашық. Су транзиттік режимде ағуда. Халықты хабардар ету жүргізілуде. Елді мекендерді су басу қаупін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – деді ведомство.
Қазір оқиға орнында ТЖД бастығы жеке құраммен және облыс әкімі бар.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында да су тасқынынан Щербаков бөгетінің бұзылғанын хабарлаған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан