Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үй маңындағы жолды жөндегені үшін зейнеткерге айыппұл салынды

Алматы облысындағы Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында үй маңындағы жолды жөндегені үшін зейнеткерге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Казправду" порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осы жылдың мамыр айында әйел үйінің жанындағы көшенің шағын бөлігін кеңейтуді ұйғарған. Зейнеткердің айтуынша мұндағы жолдың ені үш метрден аспайтындай күрт бұрылысы бар, тар болған. Оның үстіне жақында осы учаскеде жол апаты да орын алған. Көлік жолдан шығып, жақын жерде орналасқан терең бөренеге ұшып кете жаздаған. 

"Мұнда көлік қозғалады, балалар мектепке барады. Сол үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мен топырақ сеуіп жөндеуді ұйымдастырдым. Тұрғындардың жиналысын өткіздік. Көпшілігі жолды кеңейтуге дауыс берді. Жиналыс хаттамасы жергілікті әкімдікке тапсырылды. Жұмысшыларды жалдап, қажетті заттарды сатып алдым. Осыған дейін шенеуніктерден мәселені шешіп беруді сұрап, төрт жыл бойы хабарласқан едік, еш көмек болған жоқ", - деп түсіндірді ауыл тұрғыны. 

Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстарынан кейін үйіне учаскелік полиция инспекторы келіп, "инфрақұрылым нысандарын қиратып, жасыл желектерді бүлдіргені үшін" 69 мың теңге айыппұл салған.

Бұдан кейін зейнеткер аудандық прокуратураға учаскелік полиция қызметкерінің хаттамасына шағымдану туралы арыз жазған.

Панфилов ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, Қарабұлақ ауылының тұрғындары Қашқари көшесіндегі ағаштарды кесу барысы бейнеленген видео жолдаған. Бөренеге бетонмен бірге кесілген бұтақтар төселген. Оқиға орнына барған әкімдік қызметкерлері әйелге мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, құрылыс қоқыстарын тазалауға мерзім берді. Осыдан кейін учаскелік тиісті шара қолданылды дейді олар.

Талқылау