Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш баланы өртке оранған үйден алып шыққан жігітті марапаттады

Алматы облысының құтқарушылары өртке оранған үйден балаларды шығарған Алмас Рызайбековты батылдығы мен өжеттілігі үшін марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысындағы ТЖ комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Алматы облысы ТЖД

Соңы қайғыға ұласа жаздаған оқиға Талдықорғанның жанында орналасқан Қарабұлақ ауылында орын алған. 26 маусым күні жас жігіт тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатып, баспананың өртке оранғанын байқаған. Өзі мұны Алматы облысындағы ТЖД-ға хабарлап, өрт сөндірушілер келгенше балаларды үйден алып шыққан. Үш баланың біреуі ұл, екеуі 14 жастағы қыздар. 
Өрттен аман қалған балалар туысқандарымен қауышты. 

25 жастағы жігіт Ескелдің ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Балаларды құтқарып жүріп ер адам аяғын қатты кесіп алған екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Облыстық басқарма қызметкерлері қазақстандық жігітті марапаттау туралы шешім шығарды. 

23 шілдеде Алмас Рызайбековке батылдығы мен ержүректігі үшін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды. Медальді Алматы облысындағы ТЖД жетекшісінің қызметін уақытша атқарушы, полковник Серікқан Тұраров табыстады. 

"Кез келген ересек Алмас Рызайбеков барған қадамға бара алмайды. Біз облыс тұрғындарының арасында қиын жағдайда өз өмірін тәуекелге тігуге дайын азаматтардың өмір сүретіні үшін қуаныштымыз", — деді полковник. 

Ұлының ерлігі үшін Рызайбековтың анасы Әлия Алдабергенова да марапатталды. 

Нағыз батыр: 10 жасар бала өрттен қыздарды алып шығып, өзі мерт болды
STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Шілде, 2019 11:27
Талқылау