Алматы облысында түлектерді тасыған жүргізуші төрт бап бойынша айыпталды
Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, түлектерді тасымалдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланыпты. Заңбұзушылық 3маусым күні орын алған.
"Панфилов аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары желіде орналастырылған бейнежазбаға қызығушылық танытып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін “Toyota Mark2” автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ҚР Әкімшілік кодексінің төрт бабы бойынша жауапкершілікке тартты және жалпы соммасы 55 560 теңге көлемін құрайтын айыппұл салды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, салынған айыппұл төленгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады", -делінген ресми хабарлмада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”