Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында таудан өлі табылған ер адамның туыстары оның өз ажалынан қайтыс болғанына сенбейді

Алматы облысында 12 мамыр күні Жамбыл ауданындағы таулы аймақтан Жанат Әлдекенов есімді жігіттің өлі денесі табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап. 

ер адам

Марқұмның туыстары жігітті бірнеше күн бұрын мал бақтырамын деп Аманбек Бектай есімді кісі алып кеткен дейді. Алайда жігіттің қалай және неден қайтыс болғаны жұмбақ болып тұр. Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасында кісі өліміне қатысты іс қозғалған. Бірақ жәбірленуші тарап тергеуге қысым жасалып, іс жабылып қала ма деп күдіктеніп отыр.

Жанатқа алаңдаған бауырлары оны аяқтан таусылып іздеп, екі аптадан соң ғана таудан өлі денесін тапқан. Енді жақындары оның өз ажалынан қайтыс болғанына сенбейді.

Марқұмды тірі кезінде көрген соңғы адам шаруа қожалығының басқарушысы Күмісхан Баткеев екен. 
«Жұмысқа өз еркімен барды. Бірақ бара салғаннан жұмыс істегісі келмейтінін жеткізді», – дейді ол. 

Ал Алматы облысы ІІБ-ның мәлеміте бойынша, аталған оқиғаға қатысты Жамбыл ауданында іс қозғалған. Бірақ сот сараптамасы мәйітте күш қолданып, өлтіру белгілері болмаған деген қорытынды  жасаған. Содан кейін іс жабылған.

Талқылау