Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында тау беткейінде құрғақ шөптер өртеніп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

өрт абай

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданы, Байбұлақ ауылының маңындағы тау баурайында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 10 гектар болған. 

“Төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен төрт техникасы, No28237 әскери бөлімінің 15 әскери қызметкері мен бір техникасы, әкімдіктің алты адамы мен бір техникасы, 12 адам мен екі орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылды”, – делінген ведомствода.

Сағат 14:30-да жеті гектар өрт аймағы сөндірілген. Елді мекенге қауіп жоқ. Ауылға дейінгі қашықтық 1 километр, тау мен ауыл арасында өзен ағып жатыр.

Талқылау