Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Талғар өзені тасып, тас жолды су басты

Алматы облысындағы Талғар өзені арнасынан асып, тас жолға су жайылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram/enbekshikazakh_audan_akimdigi

Ағысы қатты су жақын маңдағы қиыршық тас өндіретін карьерлерге де жеткен.

Жергілікті әкімдік мұны кешегі жауған жауын-шашын мен таудағы қардың еруінен деп түсіндіріп отыр. Қазір көпірдегі қозғалыс шектеліп, өзен арнасы тереңдетіліп, нығайтылып жатыр. Дегенмен Құлжа трассасындағы айналма жол мен Талғар – Есік - Бәйдібек би жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылмады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзен жағасында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Қазақстанда 29 адам су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды


“Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауыл округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды су шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады. Округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен су баспау үшін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды”, – деді Ават ауылдық округінің әкімі Момунжан Исламов.

Еске салсақ, бұған дейін Құлсарыда су тасқынынан кейін өтемақы талап еткен тұрғындардың митингі аяқталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау