Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тағы бір балалар лагерінде шу шықты: Демалыс лагеріндегі жағдайдың нашарлығына ата-аналар шағымданды

Ата-аналар Алматы облысындағы тағы бір балалар лагеріндегі жағдайдың нашарлығына шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс тобын құрып, оқиға орнына барды. Министрлік пен Білім департаментінің өкілдері орталықта балалардың жағдайын тексеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде "Бәйтерек" жеке лагерінде балалардың қолайсыз жағдайда – шағын, тар бөлмелерде тұратыны туралы ақпарат пайда болды.

Алматы облысының білім басқармасы бұл "Текелі" демалыс аймағындағы "Бәйтерек" демалыс лагері екенін растады.

19 шілдеде тексеру кезінде лагерьдің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге рұқсаты бар екені анықталды. Ал лагерьде Жетісу облысы Сарқанд ауданынан келген оқушылардың демалғаны, яғни Алматы облысынан келген оқушылардың лагерьге бармағаны белгілі болды. 

Талқылау