Алматы облысында спортшы жасөспірімді ұрып тастаған
Алматы облысында спортшы 17 жастағы жасөспірімді ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
6 шілдеде тұрғын үй кешенінің тұрғындары көп қабатты үйлердің аулаларының бірінде төбелес болып жатқандығы туралы полицияға хабарлаған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жекпе-жекпен айналысатын 18 жастағы спортшы мен соққыға жығылған 17 жастағы жәбірленушіні кезіктірген.
Кейіннен анықталғандай, екі жігіттің арасында жанжал туған: олардың бірі жолдасының қалжыңын түсінбей, екіншісіне анасы туралы ауыр сөздер айтқан.
Полиция мәліметінше, спортшы тұрғын үй кешенінде пәтер жалдап тұрады, ал зардап шеккен жасөспірім Түркістан облысының тумасы. Қазіргі таңда жәбірленуші ауруханаға, ал күдікті тергеу бөліміне жеткізілді.
Оқиға ойын алаңында балалар мен олардың ата-аналарының көзінше болғандықтан "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн