Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті бірқатар тасжолдардың жабылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сағат 16:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (шектеулі көріну, желдің күшеюі, боран) "Алматы - Өскемен" республикалық маңызы бар тас жолында (70 км-ден 615 км-ге дейін, Қапшағай қаласы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық.

Сағат 16: 40-тан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, шектеулі көріну) республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолында (0-184 км) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды", - деп хабарлады ведомствода.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі жолдаған СМС хабарламаны назардан тыс қалдырмауды сұрайды

"Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруіңіз қажет", - деді Алматы облысы ТЖД-де.

Талқылау