Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полиция жоғалған баланы бес ай бойы іздемеген

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында полиция жоғалған баланы жарты жылға жуық уақыт бойы бойы іздемеген. Әкімдіктің мәліметінше, Райымбек батыр атындағы мектептің 6-сынып оқушысы оқу жылы басталғалы мектепке бармаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі бес ай бойы 6-сынып оқушысының жоғалып кеткені туралы мектеп директорының мәлімдемесіне жауап бермеген полицейлердің әрекетіне шағымданып, прокуратураға жүгінді. 

"Осы оқу орнының директоры полицияға да, аудандық білім бөліміне де хабарласқан. Бірақ мектеп директорының өтінішін ешкім елемеген. Біз Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына хабарластық, олар баланың жоғалу фактісін растап, қылмысты жасырғаны үшін ювеналды полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада. 

Прокуратура ювеналды полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған соң тәртіп сақшылары жоғалған баланы бір күнде тапқан. Баланың Алматыда, аудандардың біріндегі қараусыз қалған үйде заңды өкілдерінің қарауынсыз қалғаны белгілі болды.

Қазір бала мен анасы әкімдікке қарасты мекемеге орналастырылды.

Талқылау