Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында фотоға түсемін деп өзенге құлап кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды

өзенге батты

Фото: Lider.kz

Алматы облысында өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

22 маусымда Алматы облысы Тұздыбастау ауылында 44 жастағы әйел баласын құтқарамын деп өзенге батып кетті. Құтқарушылар әйелдің денесін сол күні тапты. Әйелдің өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Баланы іздеу жұмыстары жалғасты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаменті, ұлттық парк қызметкерлері, Lider.kz еріктілер қозғалысы мен еріктілерден 110-ға жуық қызметкер мен 20-дан астам техника жұмылдырылған”, – делінген хабарламада.


Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті


Алматы қаласы және Алматы облысының Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері іздеу жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпаратты жариялады.

"Талғар ауданында іздестіру жұмыстары аяқталды. Қызметкерлер баланың денесін тапты", – деп хабарлады еріктілер.

Еске салсақ, Алматы облысында әйел баласын құтқарамын деп суға батып кеткені және ұлы іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. 

Айта кетейік, бұған дейін 17 жастағы жасөспірімнің Сайран көліне батып кетіп, көз жұмғаны туралы жазылды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 15:07
Талқылау