Алматы облысында ойын-сауық орталығында төрт жасар қызды себепсіз тепкен Түркия азаматы ұсталды
Желіде Алматы облысында шетел азаматының ойын-сауық орталығында өтіп бара жатқан төрт жасар қызды теуіп жіберген видеосы тарады. Себепсіз бүлдіршінді тепкен Түркия азаматы анықталып, ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов қызды тепкен ер адамның ұсталғаны туралы видеоны жариялады.
23 шілдеде Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне 27 жастағы әйел белгісіз біреу сауда-ойын-сауық орталығында төрт жасар қызына дене жарақатын салғанын айтып арызданған.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша аудандық ІІБ ТЖД-да тіркелді.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 25 жастағы Түркия елінің азаматы анықталып, полицияға жеткізілді. Жауап алу кезінде күдікті болған жайт туралы айтып, өз кінәсін толық мойындады", - деді Әленов.
Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сараптама тағайындай отырып, барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ