Алматы облысында мешітте ұрлық жасаған ер адам тұтқындалды
Алматы облысында мешіттерде ұрлық жасаған 25 жастағы ер адам ұстады. Қазіргі уақытта күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz ақпарат агенттігі.
Талғар ауданының полицейлеріне ақпанның аяғынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарындағы мешітке келушілерден арыз түсе бастаған. Үнемі бетперде киіп жүретін қылмыскердің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Күдікті құптан намазының уақытын пайдаланып, келушілердің ақшасын, ұялы телефондарын және бағалы заттарын ұрлап кеткен. Ол мешіт ішінде де, сыртында да әрекет етіп, тұрақтағы көліктерді бұзып ашқан. Ол болат ұшы бар арнайы балғамен көліктердің терезесін сындырған. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Ол – Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны. Қазір ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – дейді Талғар аудандық полиция бастығының орынбасары Андрей Бурянский.
Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде тәркіленген бейнежазбалар, ұрланған телефондар мен қылмыс қаруы тіркелген. Тергеу барысында күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
