Менингитпен ауырған болуы мүмкін: Алматы облысында ауруханада жатқан 8 жасар қыз көз жұмды

Кеше Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 13 орта мектебінде оқитын сегіз жастағы оқушы ауыр науқастан аудандық ауруханада қаза болды. Оқушы жұма күні сырқаттанып сабаққа келмей қалған.

Алматы облысында менингитпен күдіктелген 8 жасар қыз ауруханада көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш-ақ күн ауырған баланың мезгілсіз қазасын мектептегі ата-аналар менингиттен болды деп жорып, кейбірі балаларын бүгін сабаққа жібермей қойыпты. Желіде тараған хабарламалар ата-аналардың қорқынышын одан әрі үдетіп жіберген екен.

Қазір аталған мектепте оқу күні болса да, сабаққа келген бала көрінбейді. Бала менингиттен қайтыс болды дегенді естіген соң ата-аналар балаларын сабаққа жібермей қойыпты. 

"Біз шу көтерген соң мектепті жапты. Шуламасақ, жаппайтын да еді. Тіпті СЭС-тен келген мамандар баланың неден қайтыс болғаны туралы қағазын да алып келмеген. Ауруханадағылар да бәрі жасырып отыр", - дейді ата-ана Мақпал Манжуова.

"Екі жыл бұрын тағы бір бала менингиттен қайтыс болды. Сонда мектепте карантинмен жабу үшін қанша бала өлу керек?", - дейді екінші ата-ана Эльмира Шойбекова. 

Шынында да мектепте ешқандай карантин жарияланбаған. Ата-аналар мектепте ақпараттың ашық берілмейтініне ашулы. 

Бұл мектепте екі жыл бұрын да менингитпен күдіктелген оқушы қаза болған. Ол кезде сыныптастарының да ыстығы көтеріліп, дәрігерге тексерілген екен.

Мектеп директоры ата-аналарға істің ақ-қарасын білмейді деп наразы. Мектепте тазалық  жұмыстары жүріп жатқанын, ауаны желдетіп, хлормен тазалап жатқанына айтты. 

Алайда мектепте директор айтқан жұмыстың бірі де байқалмайды. Тіпті балаларды мектепке дейінгі даярлау орталығы жұмыс істеп тұр. Ал, аудандық ауруханадағылар болса, оқушыда менингит болмағанын айтады. 

"Біз баланы жұқпалы аурудан ауырды ма деп ойладық. Бірақ бірден жұлыннан шырышты алып тексергенде менингит емес болып шықты", - дейді Талғар аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Нұргүл Матжанова. 

Баланың жақындары қайта сараптама жасатудан бас тартты. Мәйітті жерлеу үшін оны туған ауылына алып кетті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның ІІМ-нің подполковнигін Ресейде өлтіріп кетті

Ер азаматқа белгісіз біреулер шабуыл жасаған

9 жасар қыз соңынан аңдыған күдікті ер адамды алдап кетті (видео)

Көптеген желі қолданушылар оқушыны тапқырлығы үшін мақтауда

Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды

Олар ракқа қарсы әсер ететін жаңа рецепторларды тапқан

Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты түсініктеме берді

Бақауов екі айға қамауға алынған еді

"Мұсылман адамның қатыспағаны дұрыс": Крещение мейрамын қазақтар қалай атап өтті?

18-19 қаңтар өткен шоқыну мейрамында тек христиан дінін ұстанушылар ғана емес, сонымен қатар қазақ азаматтары да суға шомылды.

Қытайлық вирус енді Таиланд елінде табылды

Қытайға сапар шегіп келген Таиланд тұрғыны вирусты жұқтырыпты

Ми жұмысын жақсартудың оңай тәсілі анықталды

Күнделікті қабылданатын кофені жаяу серуендеумен алмастыруға болады

Зарплата 3000 долларов, очень чисто, пробок нет: Казахстанец рассказал о жизни в Китае

Қытайда індеттен көз жұмғандардың саны тоғызға жетті

Олардың барлығы ең алғаш вирус табылған аймаққа жақын жерде тұрған азаматтар екен

Жетістікке жетудің оңай тәсілдері айтылды

Тұрғындардың көбі жетістікке жетудің ең оңай тәсілі сәтті болу деп айтқан
Çàãðóçêà...