Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектептердің біріне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

Алматы облысыы Райымбек ауданындағы мектептердің біріне саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz басылымына сілтеме жасап. 

Алтынбек Сәрсенбаев

Ақпаратты желі қолданушысы Ерқанат Тұрсынжанұлы өз Facebook-парақшасында жариялады. 

“Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылындағы орта мектепке, осы мектептің түлегі, мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. Құтты болсын!”, – делінген жазбада. 

Алтынбек Сәрсенбайұлы – Қазақстанның көрнекті саясат және мемлекет қайраткері. Ол 2006 жылдың 13 ақпанында кісі қолынан қаза тапқан. 


Ұлы мен қызы бар: Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының отбасы қазір қайда?


Сәрсенбайұлы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004) қызметін атқарған. Сонымен қатар “Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен елорда көшелерінің біріне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының аты берілуі мүмкін екенін хабарлаған едік. 

Талқылау