Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинетінде порно сайттарына кірген
Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарына кіріп жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен
Облыстық прокуратураның мәліметінше, талдау барысында мектептегі 452-информатика кабинетінде тыйым салынған жағымсыз контентке оқушылардың еркін қол жеткізу фактілерін анықтаған.
"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицидтік және порнографиялық сайттарға кіргені анықталды. Тексеруден кейін облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мұндай сайттарға кіруге шектеулер қойылды", – деді прокурорлар.
Сонымен бірге, прокурорлардың талап-арызымен аталған 8 интернет-ресурс соттармен заңсыз деп танылған. Осыған орай 48 мектеп қызметкері жауапкершілікке тартылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”