Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты (видео)

Фото: видеодан скрин
"Сокол" саяжай қоғамының аумағында балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеода оқушылардың рюкзактарымен автобустан асығыс шығып кеткені көрінеді. Жерде екі адамның жатқаны, балалардың айқайлағаны естіледі.
Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушы жоқ.
Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жол апаты болып, 10 адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен