AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында массажист қызға жыныстық алымсақтық жасады деп күдіктелуде

Алматы іргесіндегі медициналық орталықтардың бірінің массажисті клиентке сексуалдық қысым жасады деген күдікке ілінді. Аталған фактіге Алматы облысының полиция департаментінде түсініктеме берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл факті бойынша ақпаратпен "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі бөлісті. Әлеуметтік желіде  Іле ауданының  тұрғыны медициналық орталықтың мануалды терапевтін өзінің 22 жастағы қарындасына алымсақтық жасады деп айыптаған.

"Ол менің қарындасыма тиіскен, массаж кезінде әдепсіз әрекеттер жасаған, оны жыныстық зорлық-зомбылық белгілерін көрсеткен. Емханада ешкім болмаған, себебі бұл сенбі күні еді. Жас қызды қарсылық танытпай жатуға мәжбүрлеген, бұл қуық пен кіші жамбасты емдеу әдісі деп көндірген. Қыз психологиялық күйзеліске ұшыраған", – деп жазды жігіт.

Облыстық полицейлер оқиғаға қатысты пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 30 шілдеде зардап шеккен қыз тәртіп сақшыларына ресми арызбен жүгінген, соған сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде. Медициналық орталықтың массажисті қазір ұсталып, одан жауап алынған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арызданушы көрсеткен 47 жастағы ер адам ұсталып, жауап алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу Іле аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды", – деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы процессуалдық шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр