Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мал өлекселерінің кесірінен балалардың үстіне жаппай жара шығып кеткен

Алматы облысындағы Долан ауылының тұрғындары өлексенің иісіне тұншығып отырғандарын айтып шағымданды. Елдімекеннің дәл іргесінде жануарлар қорымы бар екен. Онда ауру жан-жануарлардың өлексесі тасталатындықтан балалардың үстіне жара қаптай бастады деп дабыл қағуда.

Алматы облысында мал өлекселерінің кесірінен ауыл балаарының үстіне жаппай жапа шығып кеткен

Ал ветеринарлар мал қорымына жақын үй салған тұрғындардың өздерін кінәлауда. Тақырыпты тараптардың пікірін тыңдап қайтқан тілшіміз тарқатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Қарасай ауданын қарасты Долан ауылына тұрғындар 2015 жылдан бері қоныстана бастаған. Барлығы үй салып, осында қоныстанғаннан кейін ғана дәл іргелерінде мал қорымының бар екенін біліпті. Күннің аптап ыстығында есік-тереземізді ашудан қалдық деп ашынып отыр. Аудандық әкімдіктен көмек сұрағанымызбен емеурін білдірген тірі жан таппадық дейді. 

«Мына жерде кешке жақын отырудың, отырмақ түгілі үйден шығудың мүмкіндігі жоқ. Сысық иістен өлетін болдық аурудан. Мына жерде қаншама бала бар мынаған шыбын ұшып келіп қонып жатыр, құстар келіп қонып жатыр оның бәрі үйге келіп жатыр. Мына жерде бір көршінің баласының бетінің бәрі осыдан жара болып жатыр деді», - деді ауыл тұрғыны Рәбиға Айыпжаноа. 

Доландықтар әкімдіктен ауыз су, жарық, жол салып беруді сұрап отырған жоқпыз. Тек мал қорымын жауып берсе болды дейді. Өйткені өлексенің иісінен әбден мезі болған. Қорымға тасталған ауру малдың денесінен бөлінетін улы заттар, жер асты суларына залалын тигізіп жатыр деп қауіптенуде. 

«Тура тұрғындардың жер учаскесінің жанында мал қорымы орналасқан бұл жерде көптеген иіс келіп жатыр. Балалар ойнап жүр, мал жайылып жүр. Осы талаптардың сақталмауына байланысты прокуратураға шағымданғанбыз. Райымбек ауылдық округіне талап арыз да жазғанбыз скотомогильникті жабуға байланысты. Енді әлі күнге дейін ешқандай жауап жоқ», - дейді тұрғын Айжан Көпбаева. 

Ал әкімдікке барып, басшыларын орындарынан таба алмадық. Қызметкерлер бір-біріне сілтеп, бір сағаттан кейін шыққан баспасөз хатшысы бұл мәселеден мүлдем бейхабар болып шықты. Тек жануарлар қалдығын тастайтын орынның жабылғанына біраз жылдың жүзі болды дейді. 

«Долан ауылындағы мал қорымы қазіргі уақытта ол жұмысын тоқтатқан. Қазір жұмысын тоқтатып, біз ол жердегі мал қорымын Тұрар ауылына ауыстырдық. Енді алдағы уақытта ол жердегі тұрғындар негізі қорықпаса да болады. Ол жер түгелімен жабылып үсті тегістелетін болады», - дейді Қарасай ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұржанұлы. 

Алайда тұрғындардың айтуынша, өлексе тастайтын орын санитарлық талаптарға сай келмесе де әлі күнге жұмыс істеп тұрған көрінеді. Заң бойынша айналасы адам кірмейтін қорғанмен қоршалып, қасына күзет қойылуы тиіс. Бірақ қазір бұл жерге емін-еркін кіріп шығуға болады. Дегенмен, кезекті рет қалдықтарды тастауға келген ветеринар қорымның қасына үй салған тұрғындардың өзін кінәлауда.

Осылайша қорымның жабылғанынан ветериинарлар да хабарсыз болып шықты.  

«Ол маман бізге жұмысқа енді тұрған болатын. Ол негізі алдыңғы құжаттармен байқамай көріп сол жерге апарып тастаған», - деді Қарасау ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұржанұлы. 

Дегенмен өз сөздерінен өздері жаңылған аудандық әкімдік өкілдері қорымның жұмысын тоқтатып, жермен жексен етеміз деп сендірді. Алайда осы уақытқа дейін үнсіз отырған басшылардың енді жұмыс істейді дегеніне тұрғындар аса иланбады. 

Талқылау