Алматы облысында жоғалған тікұшақ: Құтқарушылар Сорбұлақ көлінің жартысын тексерген
Фото: Қорғаныс министрлігі
7 шілдеде үкіметте өткен баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Алматы облысында құлаған тікұшақтың экипаждарын іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайлы.
Вице-министр "Тікұшақ Сорбұлақтан басқа жерге құлауы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді.
"25 шілдеде Алматы облысында тікұшақ жоғалды деген хабар алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарын бастап кеттік. Бізге берген бағыттар бойынша тексердік. Ғарыштан түсірілген суреттерден тікұшақтың ізін көріп, Сорбұлақ көлінің шетіне жақын маңнан тікұшақтың сынықтарын таптық. Өкінішке қарай, 10 күннен асты. Қазірге дейін Сорбұлақ көлінің жартысын тексердік. Іздестіру жұмыстары қорғаныс министрлігінің басқаруымен жүргізіліп жатыр, біз күш-құралдарымызды бердік. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді Кеген Тұрсынбаев.
Тікұшақтың сынықтары көлік прокуратурасына тапсырылған. Вице-министрдің айтуынша, көлдің тереңдігі 5 метрден 25 метрге дейін жететіндіктен және су лай болғандықтан, іздеу жұмыстары баяу жүріп жатыр.
Еске салайық, 25 шілде күні Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кеткені туралы жазған едік. Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Әзірге жоғалған тікұшақ экипажы табылған жоқ. Жоғалған тікұшақтағы ұшқыштың жары желіде жазба жариялап, өз болжамын айтты.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
