AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көліктен 13 қап киік мүйізі табылды

Алматы облысында полицейлер жалпы құны 360 миллион теңге болатын киік мүйізін тәркіледі. Мүйіздер 13 қапқа салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мүйіз

25 шілдеде ҰҚК қызметкерлері мен Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізіп, киік мүйізін заңсыз тасымалдаған адамдар тобын ұстады. 

"Жедел шаралар нәтижесінде "Алматы – Бішкек республикалық тасжолында сотүстік бағытта көлік тоқтатылып, салонынан 13 қапқа салынған 2 048 киік мүйізі тәркіленді. Аймақтық орман шаруашылығы инспекциясының алдын ала мәліметі бойынша мемлекетке келтірілген шығын – 360 миллион теңге. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов. 

Қазір тәркіленген мүйіздердің қай жерден алынғаны анықталып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр