Тасқынды суға бір-ақ ұмтылды: Талдықорғанда автомеханикті адам өмірін сақтап қалғаны үшін марапаттады
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарған ер-азаматты марапаттады. Ол ТЖО-да темір ұстасы болып жұмыс істейтін, 1995 жылы туған Баяхметов Ержан Қодарұлы есімді азамат болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
Б.Ержанды өзінің жұмыс орнында ұжымның қатысуымен марапаттады.
Айта кетейік, 22 наурызда кешке Талдықорған қаласында "Қызыл тас" саяжай қоғамының маңында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кетті. Көліктен шыққан жүргізуші суға бата бастаған. Оқиғаның куәгері болған талдықорғандық Ержан Баяхметов ойланбастан суық суға секіріп, батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылған. Ол апатқа ұшыраған адамды жағаға шығарып қана қоймай, оған алғашқы көмек көрсетті, онсыз зардап шеккен адам қаза болуы мүмкін еді. Мұны Ержан шақырған жедел жәрдем дәрігерлері де атап өтті.
Көрсеткен қайсарлығы және адам өмірін құтқарғаны үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Баяхметов Ержан «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық наградасымен марапатталды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
